БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жыл соңына дейін ветеринарлардың жалақысы 60%-ға артады

Жыл соңына дейін ветеринарлардың жалақысы 60%-ға артады
caption
Жыл соңына дейін ветеринарлардың жалақысы 60%-ға артады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ветеринарлық сектор жоғары білікті жас мамандарға тапшы. Сондықтан, 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап республика бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен мемлекеттік аудандық ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарының жалақысы орта есеппен 33,4% - ға өсті. 2022 жылдың соңына дейін одан әрі  ұлғайту жоспарланып отыр, - деді ол.
Вице-министр атағандай, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне әкімдіктің 6 функциясы, оның ішінде аурудың өршуі анықталған жағдайда карантинді уақтылы енгізу үшін беріледі.
2023 жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындардың ветеринариялық мамандарының лауазымдық айлықақысына 50%-дық және зиянды еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік коммуналдық мекемелердің базалық айлықақысына 140%-дық қосымша ақыны енгізу, сондай-ақ сауықтыруға арналған жәрдемақы ретінде 2 лауазымдық айлықақы төлеу көзделеді, - деді Құрманов.
 
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар