БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Саясат Нұрбектің екінші орынбасары тағайындалды

Саясат Нұрбектің екінші орынбасары тағайындалды
caption
Саясат Нұрбектің екінші орынбасары тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастады. 2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері. 2019-2021 жылдары Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды. 2021 жылдың маусымынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі болды. Айта кетейік, күні кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің тағы бір орынбасары тағайындалған болатын.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар