БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мәжіліске аз мандат алсақ, депутат болудан бас тартамын – Ермұхамет Ертісбаев

Мәжіліске аз мандат алсақ, депутат болудан бас тартамын – Ермұхамет Ертісбаев
caption
Мәжіліске аз мандат алсақ, депутат болудан бас тартамын – Ермұхамет Ертісбаев
Мәжіліске аз мандат алсақ, депутат болудан бас тартамын. Бұл туралы Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев айтты, деп хабарлайды Бақ-орда ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Көптеген журналист, партияластарым «Мәжіліске барасыз ба?» деп сауал қойып жүр. Шынынды айтайын, егер біз 35-40 депутат орнын жеңіп алар болсақ, онда, әрине, идеяларымыз, бағдарламаларымыз, осынау мінберден айтылған барлық дүниеміз қысқа ғана уақыттың ішінде жүзеге асуы үшін – барамын», - деді Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде. Сонымен қатар ол саяси науқанда түрлі жағдай орын алуы мүмкін екендігіне назар аудартты. «Егер фракция шағын, 10, 12, 15 адамнан жасақталса, онда орнымды тізімдегі басқа адамға беремін. Ал өзім партиямызды қалыптастыру және дамытумен айналысамын. Қалған өмірімді елімізде мықты әлеуметтік-демократиялық халық партиясының болуына арнағым келеді», - деді ол.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар