БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
caption
«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
Ұлттық музейдің экс-директоры өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Dalanews.kz.  Оның айтуынша айыптың дерлігі ойдан шығарылған, «сот барысында ақша жымқыру фактісі бойынша бірде-бір дәлел келтірілмеген». «Аса құрметті сот! Қазақта «өлімнен ұят күшті» деген тамаша мақал бар. Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырған жоқпын. Бұл жала, – деді Мұхамедиұлы сотта. Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылды. Сот сәуір айында басталған. Бір күн бұрын прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар