Жаңалықтар
Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі
- author BAQ-Orda
- 13 шілде, 2023
- 284
Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі
Биылдан бастап «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды.
Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелетін болады. Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы болуы тиіс.
Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Мысалы, отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңгені, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңгені (табыстың 10%-дан астамын) құраса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды
- авторAdmin
- 4 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- авторAdmin
- 3 желтоқсан, 2025




