БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды
caption
Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды
Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Ол 20 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, 40 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Оқуға түсушілердің 41%-ы немесе 16 мыңнан астам адам шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 11-20 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар