БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шавкат Рахмонов Bellator өкілі Пейджді жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмонов Bellator өкілі Пейджді жекпе-жекке шақырды
caption
Шавкат Рахмонов Bellator өкілі Пейджді жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Bellator-дың топ-спортшысы Майкл Пейджбен айқасқысы келетінін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап. Bellator ұйымының үздігі – 36 жастағы Майкл «Веном» Пейдж жақында ресми түрде UFC қатарын толықтырады. Ол Bellator-дан ауысқаннан кейін UFC титулына үміткер болу үшін бір ғана жекпе-жек өткізген Майкл Чендлердің жолын қайталағысы келеді. Пейдж топ-5 немесе топ-10 қатарындағы спортшының бірімен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Оған жауап ретінде Шавкат Рахмонов «6-шы нөмірге қалай қарайсың?» деп жазды. «Веномның» ММА-дағы статистикасы – 26-2. Британдық спортшы Bellator чемпиондары – Логан Сторли (уақытша титулды алды) мен Дуглас Лимадан ғана жеңілген. Веном ММА-ға дейін кикбоксингтен әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Ал лақап атын соққы мен каратэні үйлестіре алатыны үшін иеленді. Сондай-ақ ол қолғапсыз жұдырықтасып, кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп үлгерген. Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 6-орында тұр.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар