БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Игроман» деген нашақордан да жаман: Танымал блогер «азартниктерге» ескерту жасады

«Игроман» деген нашақордан да жаман: Танымал блогер «азартниктерге» ескерту жасады
caption
«Игроман» деген нашақордан да жаман: Танымал блогер «азартниктерге» ескерту жасады
NNN деген лақап атпен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын құмар ойындардың құрсауына кіріп кеткен азаматтарға ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Жақында көлігіме отыра бергенде, бір жігіт келіп әңгіме бар екенін айтты. «Не болды?» деп едім, мүшелерімді сатып алатын адам бар ма дейді. «Тыныштық па?» десем, қарызға кіріп кеттім деп тұр. Басында түсінбей қалдым. Сөйтсем, донор болып, бүйрек-бауырларын сатпақшы екен. Лудомон, құмар ойынның жетегінде жүр. Бағасы – 6-7 миллион теңге деп тұр. Бұл біреуге аз, біреуге көп ақша болуы мүмкін. Мәселе онда емес. «Игроман» деген сөз нашақордан да жаман. Оның шегі жоқ. Әсіресе, жігіттер қауымы мүлдем жоламайық. Барлығы, майда-шүйде тігуден басталады. Мен өзім «азартникпін». Бірақ бәс тігуге емес, өмірге азартникпін. Бір бастасам, кіріп кететін сияқтымын. Қорқамын. Сондықтан жоламаймын. Біреулер сол тақырыпта сөйлесіп жатса, кетіп қаламын. Ондай ортамен араласпауға тырысамын. Өйткені бәс тігушілерге отбасы да, бала-шаға да керек болмай қалуы мүмкін», – дейді Нұрдәулет Бектұрсын.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының айтуынша, елімізде қазір 350 мыңнан астам адам құмар ойынның «инесіне» отырған. 2019 жылмен салыстырғанда, былтыр құмар ойындарға бәс тігу 40 есеге көбейген. Лудомания дертіне шалдыққан 174 мың жас қазақстандық 36 млрд теңгеге бәс тіккен.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар