БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді
caption
Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді
ҚР Сауда жəне интеграция министрлігі “Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Бақ-Орда Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.
Осылайша Қазақстанның бүкіл аумағы 5-сағаттық белдеуде орналасады. Қазақстан Республикасында екі уақыт белдеуі қолданылады (UTC+5, UTC+6). Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары – 4- сағат белдеуінде (UTC+4+1). Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-сағат белдеуіне (UTC+5+1) жатады. Бұл ретте, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы азаматтарының едәуір бөлігі (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары) өзінің географиялық уақытынан озып-UTC+6 әкімшілік уақыт белдеуі бойынша өмір сүреді. Аумақтық көрсетілген аймақтар UTC + 5 уақыт белдеуінде орналасқан. Бұл мәселені кешенді пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жанынан тиісті жұмыс тобы құрылды, оның құрамына 60-тан астам мүше, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың көпшілігі, ғылыми институттар, медициналық жоғары оқу орындары мен қоғам қайраткерлері кірді.
Жұмыс тобының бастамашыл мүшелері “Қазақстан Республикасындағы уақытты есептеуді зерттеудің негізгі нәтижелері” есебін дайындады, онда уақыт белдеулерін реттеу немесе оларды күн (табиғи) уақытпен үндестіру халықтың денсаулығына, экономикаға, білімге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететіндігі атап өтіледі.
Озық уақыттың әлеуметтік салдарлары – адамның созылмалы ұйқысының қанбауы, иммунитеттің, физикалық және ақыл-ой белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жұмыс тобының отырысында қарау нәтижесінде Есеп бекітілді және Қазақстан Республикасында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл нұсқа ең дұрыс және қолайлы нұсқа болып табылады, Қазақстанның көптеген өңірлері үшін табиғиға жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді. Түзетулер жобасы 2023 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар