БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бойдақ қыз-жігіттер неге көбейді?

Бойдақ қыз-жігіттер неге көбейді?
caption
Бойдақ қыз-жігіттер неге көбейді?
Кейінгі жылдары айналамызда сүрбойдақтар мен кәрі кыздар катары көбейіп барады. Бұл өте алаңдатарлық жайт. Қаншама тағдыр иесі осылай жападан жалғыз күн кешуде. Бұл өте алаңдатарлық жайт. Бұрындары әскерден келген жігіттер бірден үйленуге тырысады екен. Ал әскерден кейін үйленбеу жүріп қалу ұят саналған. Тіпті қыздар 22 жасқа дейін тұрмыс құрмаса «кәрі қыз» атанған деседі.Қазір уақыт та, заман да өзгерді. Соған сай талғам да жаңаша сипат алуда. Бойдақ жігіттердің көпшілігі қазіргі қыздардың аспандағы айды сұрайтынын, көп нәрсе талап ететінін айтады. Енді қалың мал, той жасауға кететін шығындарға материалдық жағдайының сай келмейтінін алға тартады. Ал қыздардың уәжі қандай? Олардың біразы жігіттердің сенімсіз, ынжық екендігін, тіпті арасында альфонстардың кездесетінін жасырмайды. Ия, айта берсе әңгіме де, сылтау да көп. Бірақ жалғызбасты қыз-жігіттерді ең бірінші қинайтыны әлеуметтік жағдай екенін мойындауымыз керек. Әуелі тұрмыс жағдайын түземей тұрып үйленуді құп көрмейтіндердің қатары сол үшін артып жатқандай. Әрине мұны орынсыз дей алмаймыз. Себебі үйі жоқтың күйі жоқ екені екі бастан белгілі. Сол себепті талай адам уақыттың қалай зымырап өткендігін байқамай да қалады. Дәрігерлердің айтуынша, 30-40 жаста отбасын құру физиологиялық тұрғыдан да дұрыс емес екен. Бала сүйе алмай қалу қаупі де жоқ емес. Өйткені, медиицина мамандары тұрмысқа ке шыққан қыздардың үштен бірі ұрпақсыз қалуы мүмкін екендігін растайды. Кеш құрылған неке осылайша демографияға да тежеу болып отыр. Халқымызда «Ерте үйленсең қартайғанда қуанасың» деген қанатты сөз. Түсінген адамға берері мол тәмсіл. Сондықтан қартайғанда қиналып, жалғыздық азабын тартпас үшін үйленуге ертерек әрекет жасаған дұрыс. Наргиза Сейтназарова, Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар