Қоғам
Сарысуда 12 жастағы қызды зорлаған депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды
- author BAQ-Orda
- 17 сәуір, 2024
- 459
Осыдан бірнеше ай бұрын Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған
Жамбыл облысы Сарысу ауданында 12 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты , - деп хабарлайды БақОрда Kazinform-ға сілтеме жасап.
55 жастағы айыпталушы – Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі. Айта кетейік, жеткіншектің аяғы ауыр болып, оны мұғалімдер ата-анасының рұқсатынсыз жеке клиникаға апарып түсік жасатқан болатын.
«Күдіктіге өмір бойы педагогикалық қызмет атқаруына шектеу қойыла отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Моральдық өтемақы шығыны ретінде 3 млн теңге төлеу міндеттелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Келесі мақала
Жасөркенде жағдай тұрақты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Елдос Қоспаев пен оның тобындағы жеті адам Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілді
- авторBAQ-Orda
- 6 қыркүйек, 2023