Контентке өту

Қорғаныс министрлігі Каспийдегі қайғылы жағдайға қатысты желідегі ақпаратты жоққа шығарды

Қорғаныс министрлігі Каспийдегі қайғылы жағдайға қатысты желідегі ақпаратты жоққа шығарды
ашық дерек

Әлеуметтік желіде Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты сарбаздардың тағдыры жөнінде түрлі ақпарат тарады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі кей мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Facebook желісінде Дәметкен Сүлеймен есімді қолданушы оқу-жаттығуға туысы Айнар Асхатұлының қатысқанын жазып, оның теңізге кеткен әскери қызметшілердің арасында болғанын және өз күшімен жағаға шыққанын мәлімдеген.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде әскери қызметшілердің аты-жөні көрсетілген тізім тараған. Онда «Мағауия Ә.А.» есімді сарбаз да болған.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік мәліметінше, мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндетін орындаған әскери қызметшілер құрамында болған.

«Қазір екі сарбаз да әскери бөлімде қызметін атқарып жүр», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрлік азаматтарды қайғылы оқиғаға қатысты тек ресми дереккөздер жариялаған ақпаратқа сүйенуге шақырады.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлауынан әскери қызметшілер теңізге кеткен болатын. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты