Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
II дәрежелі Бауыржан Момышұлы атындағы «Айбын» орденімен:
Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімінің взвод командирі.
III дәрежелі Рақымжан Қошқарбаев атындағы «Айбын» орденімен:
Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);
Гумаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Жанабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздейтін атқыш);
Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);
Мәдихан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыштың көмекшісі);
Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);
Темірғалиев Жеңіс Тілеушұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);
Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).
Мемлекеттік наградалар әскери қызметшілердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметі мен көрсеткен ерлігіне берілді.