Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі ағасы Бегімжанның ұлы Дарынның үйленіп, әулетке жаңа келін келгенін сүйіншілей жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Дарын (туған ағам Бегімжанның ұлы) қолына ақ құсын қондырды. Әкемнің немере келіні келді әулетімізге. Құда күтіп жатырмыз, бүгін бізде ұлан-асыр той», – деп жазды әнші.
Осылайша, Жорабаевтар әулеті үшін қуанышты күн туған. Алтынай Жорабаеваның жазбасына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жас жұбайларға бақыт тілеп, әулетке келген жаңа келінге ақ жол тіледі.