Әнші Мейрамбек Беспаевтың мерейтойлық кешінде асаба Нұрбек Саламатов ортаға әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызын шақырып, көпшілік алдында әзілдесті. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ойын барысында асаба Тұрсынбек Қабатовты да ортаға шақырған. Алайда ол келмеген соң, Айман ханыммен әзілін жалғастырды.
«Айман ханым, өмірде жолы болғыш адамсыз ба? Аллаға сансыз шүкір, қазір сізден жолы болғыш адам жоқ сияқты. Бірақ сізге дым сыйлық шықпай тұр. Жеңше, ренжімеңіз, есесіне сізде Тұрсынбек аға бар. Тұрсынбек аға менің ағам, екеуміз бір ауылданбыз. Артық әзілдесе алмаймын», – деді Нұрбек Саламатов.
Бұл көрініс желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі асабаның әзілін тапқырлық деп бағаласа, енді бірі оның сөздерінің астарында белгілі бір ишара болғанын жазды.
«Айман ішінен жыны келіп тұр», «Тамада түсінген адамға сөздің астарымен қатырды», «Мөлдірге жету қайда», «Жарайсың, қара жерге кіргізді», «Айман сабырлы екен», – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.