Контентке өту

ҒАЛИЯ АДАМБАЙ КҮЙЕУІНІҢ ПСИХОЛОГ ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҰСТАНАТЫНЫН АЙТЫП, ДАУ ТУДЫРДЫ

ҒАЛИЯ АДАМБАЙ КҮЙЕУІНІҢ ПСИХОЛОГ ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҰСТАНАТЫНЫН АЙТЫП, ДАУ ТУДЫРДЫ
ашық дерек

Қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде отбасындағы келіспеушіліктер туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, күйеуі психолог Төребек Бекбаевтың көзқарастарын ұстанады. Әйел бұл жағдай отбасындағы қарым-қатынасқа және балалардың тәрбиесіне кері әсер етіп отырғанын алға тартты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ғалия Адамбай Instagram желісіндегі стористерінде Төребек Бекбаевтың қызметі мен көзқарастарын сынға алып, оның идеяларын «төребекщина» деп атаған. Сондай-ақ осы ұстанымды қолдайтындарды «секта» деп сипаттаған.

Оның сөзінше, аталған көзқарас бойынша ата-ана баланы өз еркінен тыс ешнәрсеге мәжбүрлемеуі керек. Тіпті бұл баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге де байланысты болуы мүмкін.

Ғалияның айтуынша, мұндай ұстаным балаларды жеке гигиенаға, дұрыс тамақтануға үйрету және қажет болған жағдайда дәрігерге қарату кезінде қиындықтар туғызады.

«Күн сайын таңертең үш жастағы баланың тісін тазалату үшін күресуге тура келетін үйде өмір сүру – нағыз азап. Себебі әкесі қызының өз еркінен тыс ештеңе істегенін қаламайды. Балаларға құнарлы, пайдалы, дұрыс тамақ беру үшін де күн сайын күресуге тура келеді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ғалия Адамбай күйеуінің өз денсаулығына мұқият қарайтынын, дұрыс тамақтанып, қажетті дәрі-дәрмектерін қабылдайтынын және гаджеттерді қолдануды шектейтінін атап өтті. Әйел мұндай көзқарастардың салдарымен бес жылдан бері күресіп келе жатқанын мәлімдеді.

Ол отбасындағы жағдайға қатысты құжаттар мен мамандардың қорытындыларын жариялауға ниетті екенін де жеткізді. Алайда әзірге балалардың жағдайы өзіне бірінші орында екенін айтты.

Ғалияның сөзінше, бастапқыда отбасылық мәселелерді көпшілік алдында талқыламауға шешім қабылдаған. Дегенмен күйеуінің әрекеттері мен қарым-қатынасы бұл тақырыпқа қайта оралуына себеп болғанын алға тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұртас Адамбай дінге қатысты бұрынғы кейбір пікірлеріне өкінетінін айтқан болатын. Сұхбаттарының бірінде ол өз көзқарасын өзгелерге күштеп таңудың дұрыс еместігін жеткізген. Сондай-ақ футболға қатысты бұрын айтқан пікірлерін еске алып, бұл спорт түрін ойнамау және көрмеу керек деген ұстанымда болғанын мойындаған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты