Контентке өту

ТАРАЗДА ТРОТУАРМЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ТАРАЗДА ТРОТУАРМЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
ашық дерек

Тараз қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Lada автокөлігімен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға шығып, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

20 жастағы жігіт өзінің қауіпті әрекетін видеоға түсіріп, TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған. Бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтап, заң аясында тиісті шара қабылдады. Нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырып, мұндай жауапсыз әрекеттердің адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты