Контентке өту

Таразда 85 мыңнан астам жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты берілді

Таразда 85 мыңнан астам жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты берілді

Тараз қаласының аумағына жаңа елді мекендердің қосылуына байланысты жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта қала бойынша 85 214 жер учаскесі рәсімделіп, оларға сәйкестендіру құжаттары берілді.

Бұған дейін, елді мекендер қала құрамына қосылғанға дейін, Таразда 65 645 жер учаскесі рәсімделген. Қалған 11 мың жер учаскесіне қажетті құжаттар жер учаскелері иелерінің өтініштері негізінде әзірленеді.

Қала аумағына өткен жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру жергілікті атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде тегін жүргізіледі.

Сонымен қатар жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілді. 2025 жылғы 13 тамыздан бастап елді мекендердегі жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

Жер учаскелерін рәсімдеу және кадастрлық құнын анықтау жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты