Контентке өту

«Біреуге ғашық болып шаршадым»: Мөлдір Әуелбекова махаббатқа көзқарасының өзгергенін айтты

«Біреуге ғашық болып шаршадым»: Мөлдір Әуелбекова махаббатқа көзқарасының өзгергенін айтты
ашық дерек

Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі түрлі жағдайлардан кейін махаббатқа деген көзқарасының өзгергенін айтты. Өнер иесі «Шайдың қыздары» бағдарламасында көрерменнің «Қазір кімге ғашықсыз?» деген сауалына жауап берген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл жолы әнші сұраққа әзілмен жауап бермей, қазіргі ішкі күйін ашық жеткізді. Мөлдір Әуелбекова бүгінде белгілі бір адамға емес, өзіне ғашық екенін айтты.

«Мен қазір өзіме ғашықпын. Біреуге ғашық болып шаршадым», – деді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, өміріндегі түрлі жағдайлар оған көп нәрсені түсінуге себеп болған. Соның ішінде адамның алдымен өзін бағалап, өзін жақсы көруі маңызды екенін кейін түсінген.

Әнші бұл ойға қырық жасқа келгенде анық көз жеткізгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұрынғыдай бар назарын басқа адамға аударудан гөрі, қазір өзіне және өз өміріне көңіл бөлуге мән береді.

Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бұған дейін де көпшіліктің назарында болған. Алайда бұл жолы әнші нақты бір адамға қатысты пікір білдірмей, өзінің қазіргі өмірге, махаббатқа және қарым-қатынасқа деген көзқарасын бөлісті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты