Контентке өту

«Өз өмірін өзі сақтап қалды»: Каспийдегі қайғылы жағдайдан аман қалған Никита Удалов туралы жаңа дерек айтылды

«Өз өмірін өзі сақтап қалды»: Каспийдегі қайғылы жағдайдан аман қалған Никита Удалов туралы жаңа дерек айтылды
ашық дерек

Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайдан аман қалған әскери қызметкер Никита Удаловтың отбасы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Никита жағдайды бағамдап, өз күшімен жағаға жеткен, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Никитаның ата-анасы ұлының басынан өткерген оқиғасы туралы әзірге айтуға дайын емес екенін жеткізді. Отбасы әскери қызметкердің атынан әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Сонымен қатар олар қайғылы оқиғаны сенсацияға айналдырмауға шақырды. Никитаның жақындары қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен олардың отбасыларының қайғысын құрметтеуді өтінді.

«Никитаға қолдау білдіріп, ол үшін дұға еткен барша жанға алғыс айтамыз», – деді отбасы.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметшілер теңізге кеткен болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты