Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайдан кейін аман қалған үш әскери қызметкер Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатыр. Бұл туралы baq-orda.kz., stan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды
Аурухана мәліметінше, оқиға болған 24 қыркүйекте Ақжол Темерхан медициналық мекемеге жеткізілген. Ал Никита Удалов пен Бекет Қуандық ауруханаға 26 қыркүйекте түскен.
Қазір үш әскери қызметкер де терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
«Әскери қызметкерлердің жағдайы тұрақты. Олар өздігінен жүріп-тұра алады, есін біледі. Науқастардың шағымы жоқ», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметкерлер теңізге кеткен болатын. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен із-түзсіз кеткендер бар. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.