БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Бұларға «жылауық отбасы» деген номинацияны беру керек»

«Бұларға «жылауық отбасы» деген номинацияны беру керек»
caption
«Бұларға «жылауық отбасы» деген номинацияны беру керек»
Былтыр күзде ұлын үйлендіріп, шымкенттік Бадинұр есімді аруды келін еткен Абай Бегей таяуда ата болмақ. Бұл жаңалықты әншіге келіннің өзі сүйіншілеп жеткізген. «Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына Аллаға шүкір. Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы» деп жазды Абай Бегейдің келіні. Ол қайын атасына қорапқа салынған сәбидің нәскиін салып, ата болатынын тұспалдап жеткізген. Сосын көп ұзамай үйінің ауласында гендер-пати жасап, бұл қуанышты атап өтті. Сәлем, балапан, мен сенің атаңмын. Сені қыз боласың деп ойлаймын» деп Абай Бегей болашақ немересінің кім болатынын болжады. Гендер-патиден Абай Бегейдің ұлы мен келіні шынымен де қыз күтіп жүргенін жария етті. Әншінің тыңдармандары да бұл жаңалыққа әртүрлі пікір жазды. «Марқұм әжесінің орнына Құдай қыз беріп отырған шығар», «Қайын ата, ене алдында ұялмайтын болды. Абай мен әйелі қатыспай-ақ қоймай ма?», «Тіл-көз бар, қалай қорықпайды осылар?», «Өздері намаз оқиды, мынау тірліктері не енді?», «Қайдан шыққан бәле бұл, аталарынан ұялмай, ата болатынын аттандап жеткізіп жүр», «Абай Бегейдің отбасына «номер 1 жылауық отбасы» деген номинация беру керек», «Абай Бегей ұялғаннан жерге кіріп кетейін деп отыр, масқара» деп жазды көпшілік.  width=  width=  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар