Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Көрісу" күнімен құттықтады
- author BAQ-Orda
- 14 наурыз, 2024
- 335
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Көрісу" күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды БақОрда El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады.
«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.
Келесі мақала
Батыста «Бірлік оты» жағылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды
- авторAdmin
- 4 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- авторAdmin
- 3 желтоқсан, 2025




