Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті, - деп хабарлайды baq-orda.kz
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Еуропа Украинаға 25-30 мың әскер жіберуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды
- авторAdmin
- 4 желтоқсан, 2025
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- авторAdmin
- 3 желтоқсан, 2025




