
5 мамыр – халықаралық акушерлер күні,- деп хабарлайды baq-orda.kz
Халықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды.
Қазіргі таңда елімізде 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 370 мың босану тіркеледі. Бұл әрбір сәби дүниеге келгенде, жанында міндетті түрде акушер болады деген сөз. Олар болашақ ананың перзентханаға келген сәтінен бастап, үйіне оралғанша жанынан табылып, тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, моральдық тұрғыда да үлкен демеу болады. Бұл - әйел үшін де, оның сәбиі үшін де ең жауапты, ең сезімге толы сәттер.
Елімізде 240 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 58 перзентхана мен 37 перинаталдық орталық бар.
Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді. Олардың 64 пайызы қалада, 36 пайызы ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
Перзентханаларда 3 740 акушер, ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 3 675 маман қызмет етеді.
600-ден астам акушер шалғай елдімекендерде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункттерде халыққа қызмет көрсетіп жүр.