БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылда жол сапасы артып, қатынас қолайлана түспек

Жамбылда жол сапасы артып, қатынас қолайлана түспек
Жамбыл облысында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар биыл да жоғары қарқынмен жалғасуда.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін аймақта 470 шақырымнан астам жол құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ.
 

Жол саласына бөлінген жалпы қаражат көлемі – 28,6 миллиард теңге. Бұл қаржының есебінен 17,7 шақырым көше жолы жаңадан салынып, 8 шақырым жол толығымен қайта жаңғыртудан өтеді. Ал 444 шақырым жол орташа жөндеуден өтетіні жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда облыс аумағында 45 жоба бойынша құрылыс жұмыстары қатар жүріп жатыр. Оның ішінде Тараз қаласында – 17 жоба, Шу ауданында – 11, Қордай ауданында – 5, Байзақ, Жуалы және Талас аудандарында – 3 жобадан, Жамбыл ауданында – 2 және Мойынқұм ауданында – 1 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл жұмыстар толығымен аяқталған жағдайда, өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99,5 пайызға жетеді. Ал көше-жол желісінің сапасы 89 пайызға дейін жақсарады деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, жолдардың сапалы жөнделуі облыс тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, өңірлік логистиканың дамуына да серпін береді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар