БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекет басшысы: "Әділетті Қазақстанды" құру процесін енді ешкім тоқтата алмайды

Мемлекет басшысы: "Әділетті Қазақстанды" құру процесін енді ешкім тоқтата алмайды
Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстанда 2019 жылдан бері біз кезең-кезеңімен бірнеше саяси реформа жүргізіліп, саяси жүйені дәйекті түрде жаңғырғанын айтты.

Президент конференцияда отырған азаматтардың көбі сол үлкен өзгерістердің бел ортасында жүргенін баса айтты.

  • "Ашығын айтқанда, біз біршама кедергіге тап болдық. Саяси ортаның белгілі бір бөлігі қоғамды жаңғыртуды көздейтін бастамаларымызға күмәнмен қарады, тіпті қабылдай алмады",- деді ол.

Оның айтуынша:

  • "Бүгінде біз таңдаған стратегиялық бағыттың дұрыс екеніне көзіміз жетті. Бұл елімізді өркениетті қоғам құру жолына бастайды".

Бұдан бөлек, 2022 жылы өткен референдум ұлтымызды бұрын-соңды болмаған деңгейде ұйыстырып, мемлекет алдындағы стратегиялық міндеттердің төңірегіне топтастарды.
 

  • "Азаматтарымыздың жаңа саяси бағдарды бірауыздан қолдауы алға ілгерілеуден басқа жол жоқ екенін айқын көрсетті. Тарихи өлшем тұрғысынан өте қысқа уақыт ішінде қоғам саяси кемелдік пен азаматтық жауапкершілікті күшейтетін іргелі өзгерістерді бастан өткерді".Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, ол Әділетті Қазақстанды құру процесін енді ешкім тоқтата алмайтындығын нық айтты.

  • "Өткенге оралуға, ең алдымен, еліміздің жастары жол бермейді. Білімді жас ұрпақ келешекке көз тігеді. Олар Қазақстанды жаңа заманның талабына сай келетін өркениетті мемлекет ретінде көргісі келеді". 

"Әділ Қазақстан" идеясы мемлекеттік тұжырымдама ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте халқына жасаған Жолдауында ұсынылды, ал кейінірек 2022 жылғы конституциялық реформада дамытылып, бекітілді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар