БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда жол қауіпсіздігіне дайындық: қалаға 3400 текше метр құм мен 1000 тонна тұз жеткізілді

Таразда жол қауіпсіздігіне дайындық: қалаға 3400 текше метр құм мен 1000 тонна тұз жеткізілді
Күзгі-қысқы кезеңдегі жауын-шашын мен көктайғақ кезінде жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласында алдын ала дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Қала жолдарын мұздан тазарту және көктайғақты болдырмау үшін қажетті материалдар қоры толықтырылды.

Атап айтқанда, қалаға қосымша 3400 текше метр құм жеткізілді. Бұған дейін «Жасыл ел – Тараз» коммуналдық мекемесінің қоймасында 2600 текше метр құм сақтаулы болатын. Қазіргі таңда жалпы қор 6000 текше метрге жетіп отыр. Бұл – қала аумағындағы жолдарға құм себуге толық жеткілікті көлем.

Сонымен қатар, 1000 тонна тұз жеткізіліп, бұрынғы 531 тонна қормен бірге тұздың жалпы көлемі 1531 тоннаға жетті. Бұл да ауа райының қолайсыз күндері жолдар мен тротуарларды уақтылы өңдеуге мүмкіндік береді.

Коммуналдық сала қызметкерлері жауын-шашын мен мұздақ кезінде тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарларға және көшелерге құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Бұл іс-шаралар көліктердің сырғанауын болдырмауға және жаяу жүргіншілердің жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.

Жауапты мекеме тарапынан ауа райы болжамына сай кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы техникалар да сақадай сай дайын тұр. Тараз қаласының әкімдігі тұрғындарды жолда сақтық шараларын қатаң сақтауға, коммуналдық қызметтердің жұмысын түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар