Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуы тұрақты бақылауда
- author Admin
- Бүгін, 10:13
- 4
Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Мәселен ағымдағы жылдың 9-айында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 28 тексеру жүргізілді, оның ішінде 7-і жоспарлы, сондай-ақ 21-і жоспардан тыс тексерулер.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 317 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 14 ұсыну енгізілді.
Бұл ретте, тексерулермен анықталған 201 заңбұзушылық бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тексерулердің нәтижесінде 44 азаматтың құқықтары қалпына келтірілсе (43-і мемлекеттік қызметшілер, 1-і жеке тұлға), 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табуда.


