БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Инвестиция көлемі 599 млрд теңгеден асты: өңірде ірі жобалар іске асуда

Инвестиция көлемі 599 млрд теңгеден асты: өңірде ірі жобалар іске асуда
Жамбыл облысында инвестициялық белсенділік айтарлықтай артты.

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 599 млрд теңгені құрап, 32,3%-ға өсті. Инвестициялардың 82%-ы жеке сектор үлесіне тиесілі.

Алдағы жылдарға арналған инвестициялық база аясында 2025–2028 жылдары жалпы құны 4,1 трлн теңгені құрайтын 62 жоба іске асырылады. Нәтижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштар, сода, натрий цианиді, металлургия және жаңартылатын энергия көздері бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, өнеркәсіп құрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар