UAE SWAT Challenge: Қазақстан спецназы барлық жүлделі орындарды иеленіп, турнирде көш бастады
- author Admin
- 9 ақпан, 2026
- 1
«Kazakhstan A» командасы «Офицерді құтқару» тапсырмасын рекордтық 2 минутта орындап, турнир кестесінің көш басына шықты. Екінші орынды «Kazakhstan B» иеленсе, үшінші кезеңнің қола жүлдесі «Kazakhstan C» командасына бұйырды.
Сонымен қатар тағы екі қазақстандық команда үздік жиырмалық қатарында. «Kazakhstan D» жалпы есепте 19-орында тұр, ал одан кейінгі орында «Tomiris» қыздар командасы орналасқан. Әйелдер құрамасы көптеген ерлер командаларын басып озып, өз санатында тағы да үздік нәтиже көрсетті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» бірінші орынды сақтап тұр, ал «Kazakhstan A» екінші орында келеді. Қазіргі таңда 48 елден қатысқан 109 команда арасындағы элиталық турнирде қазақстандық арнайы жасақ көш бастап келеді.
Алда жарыстың тағы екі кезеңі бар. Жанкүйерлер қазақстандық командалардың жеңісті жолын жалғастырып, әлемдік додада табысты өнер көрсетуіне сенім білдіруде.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
- авторBAQ-Orda
- 9 ақпан, 2026
Атыраудағы мектептегі оқиғадан кейін директор қызметінен кетті
- авторBAQ-Orda
- 9 ақпан, 2026


