БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Атыраудағы мектептегі оқиғадан кейін директор қызметінен кетті

Атыраудағы мектептегі оқиғадан кейін директор қызметінен кетті
Атырау облысында жасөспірімге қатысты болған оқиғадан кейін Құлсары қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұл шешім оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша қабылданды.

Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда мектеп басшысына қатаң тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланған. Ал келесі күні директор өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, өтініші қанағаттандырылған.

Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, кадрлық өзгеріске мектеп аумағында болған жағдай себеп болған. Алдын ала дерекке сәйкес, 10-сыныпта оқитын 15 жастағы жасөспірім сыныптастарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, кейін оқу орнын өз бетімен тастап кеткен.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар