БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Аяз күшейеді: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытады

Аяз күшейеді: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытады
«Қазгидромет» мамандары 10–12 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде батыстан келген циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалынан жауын-шашын күтіледі.

10–11 ақпанда солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 11 ақпанда шығыс өңірлерде қардың мол түсуі ықтимал. Республика аумағында көктайғақ, боран және екпінді жел байқалуы мүмкін.

Сонымен қатар батыс антициклонының әсері күшейгеннен кейін жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта –22…–30°С, күндіз –15…–20°С дейін суытады. Шығыс аймақтарда түнде –13…–23°С, күндіз –12…–20°С шамасында болады. Ал оңтүстікте түнде –10…–20°С, күндіз –5°С пен +5°С аралығында сақталады.

Бұған дейін синоптиктер ақпан айына арналған жаңартылған ұзақ мерзімді болжамды да ұсынған болатын. Мамандардың айтуынша, жалпы ай әдеттегіден біршама жылырақ өтеді, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ел аумағының көп бөлігінде орташа температура климаттық нормадан шамамен 1–2 градус жоғары болуы мүмкін.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар