БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ақтөбеде қайғылы жағдай: анасы мен үш баласының өліміне қатысты тексеріс басталды

Ақтөбеде қайғылы жағдай: анасы мен үш баласының өліміне қатысты тексеріс басталды
Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласының мәйіті табылды. Алдын ала деректерге сүйенсек, қайғылы жағдай тұрмыстық газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланумен байланысты болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет жетекшілік етеді. Ол уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

Құзырлы органдар тарапынан ресми тергеу басталған. Жергілікті атқарушы органдар марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетіп, отбасының жақындарына материалдық және әлеуметтік қолдау білдіретінін мәлімдеді.

Полицияның мәліметіне сәйкес, қайтыс болған әйел 1993 жылы туған. Облыс әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар