БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тазалықтан инфрақұрылымға дейін: екі ауданның 2026 жылға жоспары айқын

Тазалықтан инфрақұрылымға дейін: екі ауданның 2026 жылға жоспары айқын
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың алғашқы аппараттық кеңесі өтті.

Кеңестің күн тәртібінде – Әулиеата және Жібек жолы аудандарының әлеуметтік-экономикалық жоспарлары мен түйіні шешілмеген проблемалары талқыға түсті.
Алдымен сөз алған Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов өткен жылдың оң өзгерістеріне тоқталды.

Аудан тазалығына тікелей жауапты – аудан әкімі

273 766 тұрғыны бар аудан халқы үшін негізгі мәселенің бірі – санитарлық тазалықты сақтамау. Осы кемшілікті жою үшін аудан басшысы 2026 жылға арналған жоспары бойынша, аумақта тұрмыстық қатты қалдық тастайтын алаңдардың санын және контейнер санын көбейтпек.
Жалпы ауданда 303 қоқыс алаңы, 1225 контейнер бар. 2025 жылы оның 100-іне кеңейту жұмыстары жүргізілген. 150 қоқыс тастау жәшігі жаңдан қойылды. Көше бойындағы аялдамалар мен саябақтарға 750 жаңа үлгідегі қоқыс тастау жәшіктері орналастырылды.

100 жұмысшы – тазалық сақшысы

Әулиеата ауданы аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Дегенмен әкім сөзін слайдтағы суреттер растамады. Жоспар бойынша 2026 жылдан бастап тазалық жұмысымен айналысатын 100 жұмысшы қабылданды. Енді аумақтық инспекторлар бас болып, тазаланатын көше, парк, скверлер нақтыланып тиісті жұмыстар атқару тапсырылды. Сонымен биыл аудан аумағына тиесілі ЛОК 6,3 км және Сеңкібай каналының 2 км каналын қоршау жұмыстары; 5 жоба бойынша балалар алаңшасын орнату; кіші футбол алаңшасын салу; жаңадан қосылған елді мекендер мен қала аумағына 60-қа жуық аялдама орнату; 52 ірі кәсіпкерлік нысанның алдын абаттандыру және автотұрақтарын ретке келтіріп, жолақтарын сыздыру, тал, гүл егу; Жамбыл, Төңкеріс, Гамелей, Койбақов, Сәтпаев, Асқаров, Көшек батыр көшелерінде 206 аула және 18 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату; Мүлдем ауыз су желісі жүргізілмеген Новоджамбулец алабына ауыз су тарту; 30 жоба аясында 60 көшеге орташа жөндеу және 6 жаяу жүргіншілер жолына ағымды жөндеу және жол белгілерін орнату жоспарланған.

Келесі кезекте сөз алған Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова ауданда 2026 жылы атқарылатын жобаларды атап өтті. Әкім сөзіне сүйенсек, биыл Жібек жолы ауданында 42 көшеге жол құрылысын жүргізу; 35 көшені жарықтандыру; 8 балалар ойын алаңшасын салу; Аудан аймағы бойынша 78 аялдама орнату; «Таза көше, үлгілі аула» акциясын өткізу; 5000-ға жуық түп ағаш отырғызу; «Үздік абаттандырылған кәсіпкерлік нысан» байқауын ұйымдастыру; қоқыс алаңшаларын жаңарту бойынша 33 алаңшасын салу; 280 жол белгілерін орнату Сұлутөр, Талас, Жалпақтөбе алабының каналдарын механикалық тазалау; елді мекендердегі 23 көрнекі ақпарат құралын ретке келтіру, заңдастыру жоспарда.

Жиын соңында екі аудан басшысы аймақта қордаланып қалған проблемаларды қала әкімінің назарына ұсынды. Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына сауал қойып, жуық арада шешімін табу керектігін тапсырды.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар