БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Демалыс күндері Қазақстанға Сібір антициклоны орнайды

Демалыс күндері Қазақстанға Сібір антициклоны орнайды
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 17–19 қаңтар аралығында орталығы Сібір аумағында орналасқан кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл өңірлерде қар түріндегі жауын-шашын, жаяу бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі және көктайғақ сияқты қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.

Сондай-ақ 17–18 қаңтар күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанып отыр.

Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі. Сонымен қатар бұл өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде. Ел аумағында тұман түсуі мүмкін.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар