20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V (бесінші) отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты
Сыр бойында өтетін жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағыты мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады.
Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган, ол әртүрлі аймақтарда жыл сайын шақырылып, елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылайды.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың отырыстары мына қалаларда өткен:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда.
Бесінші отырыстың тақырыптары мен нақты күн тәртібі жиынға жақын қалғанда толық жарияланатын болады.


