БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкент полициясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

21 жастағы Нұрай Серікбайдың  өлімі: Шымкент полициясына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Айтуынша, қызметтік міндетін дұрыс орындамаған тәртіп сақшылары сол күні-ақ жұмыстан қуылған, істі жылы жапқысы келген қызметкерлердің үстінен сол мезетте-ақ іс қозғалған.

«Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, оның орынбасары және басқарма басшысы сол күннің өзінде тәртіптік комиссия шешімімен қызметтен босатылды. Зардап шеккен азаматшаның, оның отбасының арызына атүсті қарап, тартпаға тастай салған қызметкерлер де теріс себеппен жұмыстан шығарылды. Сол күні-ақ Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Шымкентке арнайы іс-сапармен барып, немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деді Әділов.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар