Жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 12:57
- 8
Танымал әзілкеш, блогер Елдос Қадырханов жуырда әке атанып, бұл қуанышын дәстүрлі бесік тоймен атап өтті. Ол ұлы Әлемге арнап ұйымдастырылған салтанатты шараны Тараз қаласында өткізді.
Тойға өнер иесінің жақын туыстары, достары мен жанашырлары жиналып, жас отбасының қуанышына ортақтасты. Ұлттық дәстүрге сай өткен кеш жылы атмосферасымен, ақ тілектер мен ізгі ниеттерге толы болды.
Әзілкеш қуанышты сәтімен әлеуметтік желіде де бөлісті. Ол жазбасында өз сезімін былай жеткізді:
«Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет!»
Желі қолданушылары мен жанкүйерлері жас әкені шын жүректен құттықтап, ұлына амандық пен бақытты ғұмыр тіледі.


