БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен арада болған жанжал туралы алғаш рет ресми түрде үн қатты.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы күндері тараған ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтып, жұртшылықты арандатуға ермеуге шақырды.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желі мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», - деп жазды Есімханов Instagram парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді. Мәліметтерге сәйкес, жанжал салдарынан Серік Сәпиев жарақат алғаны айтылған.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ресми тексеру жүргізілуі мүмкін екені хабарлануда.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар