БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында үш ауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешілді

Жамбыл облысында үш ауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешілді
Жамбыл облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Өңірде жаңа мектептер салу, қолданыстағы білім ошақтарын кеңейту және оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз оқу жағдайын жасауға ерекше басымдық беріліп отыр.

2025 жылы облыс аумағында 14 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мектеп бар. Төрт мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерсе, тағы бірнешеуі қолданыстағы мектептерге қосымша жапсарлас ғимарат ретінде салынды. Бұл қадам мектептердегі орын тапшылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде өңірде бірқатар өзекті мәселелер шешімін тапты:

1 апатты мектеп,
1 үш ауысымды мектеп,
орын тапшылығы бар 5 мектеп,
тозығы жеткен 6 мектеп,
асханасы жоқ 1 мектеп мәселесі оң шешілді.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков мәлімдеді.

Осы жұмыстардың нәтижесінде Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толықтай жойылды. Дегенмен, қазіргі уақытта өңірде әлі де 1 апатты, 11 тозығы жеткен және орын тапшылығы бар 17 мектеп тіркеліп отыр.

Жаңа нысандар мен құрылыс жоспарлары

2026 жылы облыста тағы 12 білім беру нысанын іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар жүзеге асса:

орын тапшылығы бар 2 мектеп,
тозығы жеткен 4 мектеп,
спорт залы мен асханасы жоқ 6 мектеп мәселесі шешілмек.

Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы Күшаман ауылында орналасқан Амангелді атындағы апатты мектептің орнына 80 орындық жаңа мектеп құрылысы басталмақ.

Жөндеу және материалдық база

2025 жылы өңірдегі 16 білім беру нысанына 11 млрд теңге көлемінде күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек:

26 мектеп,
14 балабақша,
1 арнайы мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін 2,2 млрд теңгеге пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, кітапхана және спорт құрал-жабдықтары, компьютерлер мен мектеп жиһаздары сатып алынды. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 3 мектепке 750 млн теңгеге заманауи жабдықтар орнатылды.

Жаңа білім беру бастамалары

Өңірде алғаш рет мамандандырылған әскери мектеп-интернат ашылып, «Дарын» лицей-интернаты жаңа ғимаратқа көшірілді. Сонымен қатар биыл ІТ лицей-интернатына арналған 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Оқушылардың жетістіктері

Қазіргі таңда облыста:
619 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (63 645 бала),
531 жалпы білім беру ұйымында 245 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Өткен жылы білім саласындағы жетістіктер де жоғары болды: халықаралық және республикалық байқауларда 113 педагог жеңімпаз атанса, оқушылар түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 468 медаль иеленді. Дарынды оқушылар командасы 16 жыл қатарынан республикалық ғылыми жобаларда «Үздік команда» атағын сақтап келеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар