Халықаралық әйелдер күніне орай 8 наурыз жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады. Атап айтқанда, 7 наурыз — сенбі, 8 наурыз — мерекелік күн, 9 наурыз — демалыс күні.
Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына байланысты да ұзақ демалыс күтілуде. 21–23 наурыз аралығы ресми мереке күндері болып саналады. 21 наурыз сенбіге, 22 және 23 наурыз жексенбі мен дүйсенбіге сәйкес келеді. Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қазақстандықтар 21 наурыздан 25 наурызға дейін бес күн бойы қатарынан тынығады.
Осылайша, наурыз айында тұрғындар отбасымен уақыт өткізіп, саяхаттауға, ұлттық мерекені кеңінен атап өтуге мүмкіндік алады. Ұзақ демалыс елдегі ішкі туризмнің дамуына да оң әсерін тигізбек.


