БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Илон Маск тарихта алғаш болып 800 миллиард долларлық байлық межесінен асты

Илон Маск тарихта алғаш болып 800 миллиард долларлық байлық межесінен асты
Илон Маск байлығы 800 миллиард доллардан асып, әлем тарихында мұндай деңгейге жеткен алғашқы адам атанды. Бұл көрсеткіш SpaceX компаниясының жасанды интеллект және әлеуметтік желі саласындағы xAI компаниясын сатып алуынан кейін тіркелді.

Forbes мәліметінше, біріктірілген компания құны 1,25 триллион долларға бағаланып, мәміле Масктың дәулетін бірден 84 миллиард долларға арттырған. Нәтижесінде оның жалпы байлығы рекордтық 852 миллиард долларға жетті.

Мәміле алдында Маск SpaceX-тің шамамен 42% үлесіне, ал xAI компаниясының 49% акциясына иелік еткен. Бірігу нәтижесінде SpaceX 1 триллион долларға, xAI 250 миллиард долларға бағаланып, кәсіпкер енді құны 542 миллиард доллар болатын біріккен құрылымның 43% үлесін ұстап отыр.

Сонымен қатар Масктың активтері қатарында Tesla компаниясындағы 12% акция және қосымша опциондары да бар.

Бұл келісім Масктың соңғы бір жыл ішінде жасаған екінші ірі бірігуі. Бұған дейін ол xAI мен X (бұрынғы Twitter) компанияларын біріктірген болатын.

Қазіргі таңда Масктың дәулеті әлемдегі екінші ең бай адам Ларри Пейджден 578 миллиард долларға артық. Сарапшылардың айтуынша, бұл оны әлемдегі алғашқы триллионер атануға бір қадам жақындатты.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар