Жаңалықтар
Таразда тұрғын мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы аман алып қалды
- author BAQ-Orda
- 4 ақпан, 2026
- 4
Өткен жексенбі күні Тараз қаласының тұрғыны Сәкен Сағындықов қаладағы шағынаудандардың бірінде орналасқан су арнасы маңынан өтіп бара жатып, қауіпті жағдайға тап болды. Тайып құлаған бес жасар бала мұзды жарып өтіп, суға түсіп кеткен.
Жағдайды бірден аңғарған азамат батылдық танытып, баланы дереу судан шығарып алды. Кейін оны жақын маңдағы фитнес орталыққа апарып, ата-анасы келгенше жылы жерде күттірді.
Оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабар беріліп, бала кейін заңды өкілдеріне табысталды.
Бейжай қалмай, шұғыл әрекет еткен тұрғынның арқасында кішкентай баланың өмірі сақталып қалды. Осыған байланысты Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сәкен Махамбетовичке көрсеткен ерлігі, жоғары азаматтық жауапкершілігі және төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Ержүрек азаматқа Департамент атынан Алғыс хат, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі тарапынан бағалы сыйлық табысталды.


