БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Lamborghini, миллиондар және онлайн курс дауы: Жанабыловтар ісі бойынша жаңа деректер шықты

Lamborghini, миллиондар және онлайн курс дауы: Жанабыловтар ісі бойынша жаңа деректер шықты
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, Instagram желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты 2025 жылы онлайн курстарды сату арқылы заңсыз табыс табу схемасын ұйымдастырған. Курстарды сатып алуға негізгі қызығушылық қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігімен байланысты болған.

Тергеу барысында жарияланған видеоматериалдардың басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынғаны анықталған. Курстардың нақты білім беру мазмұны болмаған, олар заңсыз лотерея қызметін жасыру құралы ретінде пайдаланылған.

Жүлде қоры жарияланғандай жеке қаражаттан емес, онлайн курстарға төленген қатысушылар қаржысы есебінен қалыптасқаны белгілі болды. Сондай-ақ электронды «сәттілік барабанының» параметрлері өзгертіліп, 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылған, ал қымбат сыйлықтарға мүмкіндік керісінше төмендетілген.

Күдіктілер акция ауқымын кеңейту мақсатында ең көп репост жасаған қатысушыға 11 автокөлік берілгенін жариялағанымен, іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған әрі сыйлық тапсырылмаған. Тергеу дерегі бойынша, Zhana Business ЖШС бақылауындағы шоттарға азаматтардан түскен жалпы қаражат көлемі 247,5 миллион теңгені құраған, оның 60 миллионы депозитке орналастырылған.

Сот санкциясымен iPhone 17 телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, олар қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар