Ресейден Қазақстанға қарай газ құбыры 2030 жылы іске қосылуы тиіс
- author Admin
- Бүгін, 16:09
- 16
Елшінің айтуынша, жоба Қазақстанның солтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда тиісті техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер пысықталып жатыр.
Бұған дейін Қазақстанның солтүстік аймақтарын газдандыру мақсатында ресейлік «Газпром» компаниясымен «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Құжат екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдегі инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.
Жоба іске асқан жағдайда, елдің солтүстік және орталық өңірлеріндегі газ тапшылығы мәселесін кезең-кезеңімен шешуге жол ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаңа құбыр өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық секторды тұрақты көгілдір отынмен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазіргі уақытта тараптар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржыландыру тетіктерін және нақты іске асыру мерзімдерін келісу жұмыстарын жалғастырып жатыр.



