Жаңалықтар
Бірқатар шулы істерден кейін Шымкентке жаңа полиция басшысы келді
- author Admin
- Бүгін, 16:15
- 14
Шымкент қалалық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Енді мегаполистің полициясын Мұхтар Қожаев басқарады.
Кадрлық өзгеріс қалада соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған бірқатар оқиғалардан кейін орын алып отыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласындағы барлық полиция бөлімшесіне кешенді тексеру жүргізуді бастады.
Министрлік мәліметінше, тексеріс барысында қызметтік тәртіп, азаматтармен жұмыс сапасы, заңдылықтың сақталуы және ішкі қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қаралады. Қажет болған жағдайда жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдануы мүмкін.
Жаңа басшылықтың негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру және полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету екені атап өтілді.


