БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

7 ақпанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде қар, боран және көктайғақ күтіл

7 ақпанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде қар, боран және көктайғақ күтіл
Синоптиктердің болжамына сәйкес, сенбі – 7 ақпанда Қазақстан аумағында ауа райы әр өңірде әртүрлі сипатта болады. Оңтүстік аймақтарда аспан бұлтты болып, жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Орталық өңірлерде қар жауып, боран мен бұрқасын болуы болжанып отыр.

Батыс өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, алайда тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін. Шығыс аймақтарда қар жауып, боран соғып, көктайғақ байқалады.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Астана – құбылмалы бұлтты, түнде қар мен боран, жолдарда көктайғақ. Түнде −16…−18°C, күндіз −13…−15°C.

Алматы – ауыспалы бұлтты, арагідік жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ. Түнде −2…−4°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар болуы мүмкін, кей уақытта тұман. Түнде −1…−3°C, күндіз +4…+6°C.

Түркістан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Түнде −2…−4°C, күндіз +4…+6°C.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ. Түнде −2…−4°C, күндіз 0…+2°C.

Талдықорған – бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ. Түнде және күндіз −0…−2°C.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман мен көктайғақ. Түнде −10…−12°C, күндіз −3…−5°C.

Тараз – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ және тұман болуы мүмкін. Түнде −1…−3°C, күндіз +2…+4°C.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнде −6…−8°C, күндіз 0…+2°C.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде −13…−15°C, күндіз −4…−6°C.

Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ пен тұман ықтимал. Түнде −19…−21°C, күндіз −9…−11°C.

Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде −23…−25°C, күндіз −14…−16°C.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, түнде қар мен боран, күндіз аздаған қар және бұрқасын. Жолдар көктайғақ. Түнде −12…−14°C, күндіз −10…−12°C.

Жезқазған – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған қар. Түнде −16…−18°C, күндіз −8…−10°C.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −24…−26°C, күндіз −13…−15°C.

Көкшетау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −20…−22°C, күндіз −13…−15°C.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −21…−23°C, күндіз −13…−15°C.

Павлодар – бұлтты, түнде қар, боран және көктайғақ, күндіз аздаған қар. Түнде және күндіз −13…−15°C.

Семей – бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ, жел күшейеді. Түнде және күндіз −3…−5°C.

Өскемен – бұлтты, қар, боран және көктайғақ, жел күшеюі мүмкін. Түнде және күндіз 0…−2°C.

Синоптиктер жолда көктайғақ пен тұман болуы мүмкін өңірлерде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар