БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Милан–Кортина Олимпиадасы басталды: Қазақстан құрамасы салтанатты ашылуда Қазақстан туы көтерілді

Милан–Кортина Олимпиадасы басталды: Қазақстан құрамасы салтанатты ашылуда Қазақстан туы көтерілді
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі өтті. Дәстүрлі төртжылдықтың басты спорт мерекесінің ашылу салтанаты Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында ұйымдастырылды. Елдер шеруі кезінде Қазақстанның мемлекеттік Туын шорт-трек спортшысы Денис Никиша мен фристайл-могулшы Аяулым Әміренова алып шықты.

Бұл Олимпиаданың ерекшеліктерінің бірі - ашылу рәсімінің бір уақытта төрт түрлі жерде өткізілуі. Денис Никиша Миландағы негізгі салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сонымен қатар Олимпиада алауы тарихта алғаш рет екі жерде қатар жағылды: Миландағы Салтанат қақпасында және Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia («Үйлесім») атауымен өтті.

Милан-Кортина Олимпиадасы 6–22 ақпан аралығында жалғасады. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып, 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан құрамасынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлде үшін бақ сынайды.

Ұлттық құраманың қатысуымен өтетін жарыстар Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар