БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақ поэзиясының алып тұлғасы: Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Қазақ поэзиясының алып тұлғасы: Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Бүгін, 9 ақпан – қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Биыл ақынның дүниеге келгеніне 95 жыл толып отыр. Ол 1931 жылы Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында өмірге келген. Анасы Нағиман апаның айтуынша, ақын наурыз айында туғанымен, ресми құжаттарда 9 ақпан күні көрсетілген.

Азан шақырып қойған есімі Мұхаметқали. Әкесі колхозда еңбек еткен қарапайым шаруа болған. Мұқағали отбасындағы тұңғыш бала еді. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, әкесі майданда қаза тапқан.

Еңбек жолында ауылдық кеңесте қызмет атқарып, мектепте мұғалім, радиода диктор, газет-журнал редакцияларында қызмет етті. Алматыға қоныс аударғаннан кейін әдеби ортаға белсенді араласып, өзіндік поэтикалық қолтаңбасымен танылды.

Ақын көзі тірісінде «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» секілді жыр жинақтарын шығарды. Сонымен қатар Шекспир сонеттері мен Дантенің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Мұқағали поэзиясының негізгі өзегі – туған жер, Отан, адам сезімі мен өмір шындығы. Ол 1976 жылы 27 наурызда Алматыда дүниеден өтті. Бүгінде оның есімі мектептерге, көшелерге беріліп, шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына айналды.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар